КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ер адам пойыздың астынан түсіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 2017 жылғы 4 ақпанында түнгі уақыт 02:50 шамасында Көкшетау бекетінде болған.
«1984 жылы туған ер адам темір жолды рұқсат етілмеген жерінен кесіп өтпек болған. Осы кезде, № 1615 жүк пойызы қағып кетеді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде, оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.