Ақмола облысында ерлер арасында трамплинінен FIS Гран-при Әлем кубогының жазғы кезеңі басталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ерлер арасында трамплинінен FIS Гран-при Әлем кубогының жазғы кезеңі басталды. Әлемдік деңгейдегі спорттық шараның ашылуына аймақ басшысы Ермек Маржықпаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Токио Паралимпиада ойындарының алтын медалінің иегері Давид Дегтярев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Щучье қаласында орналасқан шаңғы спортының ұлттық орталығында шаңғы, биатлон, шаңғы-роллерлік спорт және трамплиндерден секіру бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, спортшылардың иелігінде қонақ үй, тренажер және спорт залдары, бассейн медициналық медициналық-оңалту орталығы бар.

Байрақты жарысқа Жапония, Оңтүстік Корея, Норвегия, Ресей, Чехия сияқты әлемнің 15 елінен келген шаңғышылар қатысады.

Шаңғымен трамплиннен секіру бойынша еліміздің бас жаттықтырушысы Қайрат Бикеновтың айтуынша, қазақстандық команда турнир фавориттерінің бірі болып саналады, Сабыржан Момынов, Сергей Ткаченко және Данил Васильев алтын медальден үміткер.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев жарыстың ашылуымен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.

«Ақмола облысында өңірді ғана емес, жалпы елдің атын шығарған көптеген спортшылар бар. Олардың есімдерін тізбектеп айта беруге болады. Солардың қатарында Владимир Смирнов, Владимир Сахнов барлығы біледі. Олардың іздерін қазіргі танымал шаңғышылар Евгений Величко, Олжас Климин, Виктория Тюленева, Александр Мухин жалғап келеді.

Осы ретте, Серік Сәпиев жарысты ұйымдастыруда қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғысын білдірді. Ол сондай-ақ спортшыларға алдағы жарыстарда табыс және жеңіс тіледі.