Ақмола облысында «Ерлікке тағзым» онлайн жобасы іске қосылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні өңірде жастар үшін көптеген жобалар онлай режимде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жеңістің 75жылдығы қарсаңында Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының инстаграмға әлеуметтік желісінде «Ерлікке тағызым» электрондық каталогын бастап кетті.

«Туыстарының ерлігі бұл электронды каталогқа енуі үшін әр адам суреті мен тарихы, майдандағы ерлігі туралы мәліметтерді жіберулері тиіс.Аталмыш портал жақында ғана іске қосылғанына қарамастан оған жазылушылар саны 1000 асып отыр»,- дейді ішкі саясат басқармасындағылар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба даңқ эстафетасын жалғастырып, ата-бабаларымыздың Жеңіс үшін қосқан ерліктерін көрсетуге мүмкіндік бермекші.

«Біз әр адамның осы тарихи датаға үлесін қостырып, ардагерлерімізге «рахмет» айтқымыз келеді. Бүгінгі өскелең ұрпақ Жеңістің қандай күшпен келгенін білуі тиіс. Бұл еліміздің әр азаматының азаматтық парызы»,- дейді жастар ресурстық орталығының басшысы Анар Белгібаева.

Жазылушылар қажетті материалдарын жолдап қана қоймайды, игі іскеа алғыстарын да білдіруде.

«Қазіргі замаңғы осындай игісті қолға алып отырған орталыққа ризашылығымды білдіремін. Бұл электронды форматтағы - сол Мәңгілік полк. Біз осы игі бастама арқылы аталарымыздың ерлігі туралы, көлеңкеде қалған өзге де батырларымыз туралы білетін боламыз»,- ҚР Ұлттық гвардиясы қолбасшысының кеңесшісі, полковник Дәмелі Ибраева.

Сонымен қатар, облыстық жастар ресурстық орталығының жастары Отан қорғаушылар күніне арналған бірқатар жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр.