Ақмола облысында газ баллонын дұрыс пайдаланбаудың салдары 28 жастағы әйелдің өліміне әкеп соқтырды

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысында газ баллонын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан 28 жастағы әйел мерт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

24 наурыз күні Ақмола облысының Арықты ауылында жекеменшік тұрғын үйде газ баллонын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан жарылыс болып, оның соңы өртке ұласты. Жалын шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерде 28 жастағы әйелдің мәйіті табылды, күйік шалған 64 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.