Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
««Mitsubishi -Outlander» жеңіл көлігіне мінген 29 жастағы елордалық келіншек рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, бір отбасының төрт адамы мінген «Mazda 626» көлігімен соқтығысты», - деп хабарлады департаменттен.
Апат салдарынан оқиға орнында «Mazda 626» көлігінің жолаушылары - 38 жастағы отағасы мен оның екі баласы көз жұмды. Балалардың анасы - 35 жастағы әйел Астанадағы Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілді.
«Екінші көліктің жүргізушісі мен бір жолаушысы да ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттен.