«Қаңтардың 4-де сағат 12:00 кейін автокөліктердің көптеп жиналуына байланысты жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында 500-ге жуық жеңіл және 70-ке жуық жүк көліктерімен ілесіп жүрді. Щучье қаласынан Астанаға бара жатқан 170-ке жуық жеңіл және Астана қаласынан Щучинск қаласына келе жатқан 100 жүк көлігі діттеген жеріне аман-есен жетті. Сонымен бірге Жібек жолы кентінен Қарағанды облысының шекарасындағы Анар станциясына дейін 270-ке жуық көлік полиция қызметкерлерінің көмегімен жолға шықты. Ал Анар станциясынан Астанаға дейін 160-қа жуық автокөлікті, оның ішінде 30 жүк көлігінің аман-есен жетуін қамтамасыз етті», - деді полиция департаменті.
Осы ретте, боранды күндері өңірде республикалық және облыстық бағыттағы автокөлік жолдарында жол-көлік оқиғасы мен төтенше жағдайларды алдын алу шараларына 93 полиция қызметкері мен 56 патрульдік автокөлік жұмылдырылды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жолда қалған 60-тан астам адам құтқарылғанын жазған едік.