Оның айтуынша, өңір «қызыл» аймақта орналасқанына қарамастан, жеке кәсіпкерлік субъектілері карантиндік шектеулерді бұзуды жалғастыруда. Жыл басынан бері 14968 нысан тексеріліп, оның 279-на карантиндік шаралардың бұзылғандығы анықталды. Нәтижесінде оларға жалпы сомасы 39 миллион теңге болатын 343 әкімшілік айыппұл салынды. Ағымдағы айда мониторингпен 3289 объект қамтылды, карантиндік шараларды бұзудың 54 оқиғасы анықталды. Анықталған бұзушылықтар үшін 5 миллион теңгеге 41 әкімшілік айыппұл салынды. Бір апта ішінде (ағымдағы жылғы сәуірдің 19-25 аралығында) 1017 объект мониторингпен қамтылды, карантиндік шараларды бұзудың 19 оқиғасы анықталды (Атбасар - 2, Бұланды - 2, Бурабай - 1, Сандықтау - 1, Көкшетау - 12, Степногорск - 1.
«Анықталған бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 1 миллион теңгеге 17 әкімшілік айыппұл салынды. Көбіне карантиндік талаптардың демалыс күндері бұзылады. Мысалы, егер өткен аптада 19 карантиндік талаптардың бұзылғандығы анықталса, олардың 7-і дәл демалыс күндері тіркелген (36,8 пайыз). Соңғы демалыс күндері, яғни 24-25 сәуірде облыстың жеті нысанда осындай жағдай тіркелді», - деді Айнагүл Мусина.
Карантиндік талаптардың бұзылуына жол берген нысан екі рет 670 мың теңге сомасында айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тағы екі әкімшілік іс материалы қаралып жатыр.