Ақмола облысында қарлы бұрқасын болмайды - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қарлы бұрқасын болмайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазгидрометтің Ақмола облысы бойынша филиалы 11 қыркүйекте дабылды ескерту жариялаған. Ескертуде мыналар көрсетілген:

12 қыркүйекте Ақмола облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

13 қыркүйекте түнде Ақмола кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр, соңы дымқыл қарға ұласуы) күтіледі күтіледі.

Түнде 13-14 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

«Дабылды ескертуді қате қабылдаушылар болды. Алдағы түнде (13 қыркүйекте) Ақмола облысы аумағында қарлы бұрқасын болжанбайды», - деп хабарлайды синоптиктер.

Ауа райы туралы нақты ақпаратты Қазақстанның барлық аймақтары үшін тәулік бойы 8 (7172) 79-83-83 нөмірі бойынша немесе «Қазгидромет» РМК сайтынан  білуге болады.