Ақмола облысында қазақстандық олимпиадашылардың фан-клубы құрылды
15:42, 06 Ақпан 2014
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сочидегі XXII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын ақмолалық спортшыларды қолдау мақсатында Көкшетау қаласындағы «Fair play» клубтарының бірінде фан-клуб құрылды.
Аталған фан-клубты ұйымдастыруға белсенді жастар ұйымдарының көшбасшылары бастама көтерген. Фан-клубта өз командасына жанкүйерлік еткісі келетін әрбір азамат мүшелік ете алады. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға жарыстардың кестесі, спортшылардың қарсыластары мен жеңіске деген мүмкіндіктері туралы толыққанды ақпарат бермек.
Фан-клубтың әріптестері ретінде «Ділмар-КУАМ» дебаттық клубы, «Көңілді тапқырлар клубының Ақмола жастары лигасы», «Көкшетау КВН» Ақмола облысындағы филиалы, «Қазақстанның КВН Одағы», «Ақмола облысы жастар одағы» ұйымдары белсене араласуда.