КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы "Айша" балабақшасы жанынан əкелер кеңесі құрылмақ. Бұл туралы аталған балабақша баратын бүлдіршіндердің əкелері мен "Шаңырақ" əлеуметтік-психологиялық орталық" қоғамдық қорының өкілдері арасында өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.
Қоғамдық қор директоры Берік Рақышевтің айтуынша, кеңес баланы тәрбиелеп, дамытуда əкенің рөлі мен балаға көңіл бөлуін арттыруға бағытталған.
Шара аясында əкелермен тренинг өткізіліп, отбасылық тəрбиелеуде əкенің балаға көңіл бөлуі, рөлі мен беделі сөз болды. Əкелерге "Əке, мен сіздің уақтыңыздың бір сағатын сатып алғым келеді" тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
Шара соңында "Сіз жақсы əкесіз бе?" деген сұраққа сауалнама толтырылды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.