КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кеніште электровоз машинисі зардап шегіп, ауруханға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның дерегі бойынша, төтенше жағдай 5 сәуір күні сағат 04:00-дер шамасында Жолымбет кентіндегі «Қазақалтын» тау кен-металлургия комбинатында болды. №1 шахта аумағында электровоз машинисі 45 жастағы ер адамның кеуде тұсынан вагон соқты.
«Зардап шеккен адам Астана қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми зерттеу инсититутына жатқызылды. Алдын ала диганоз бойынша омыртқасының 7,8,9 бөлігі жабық сынғаны анықталды», деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметінен.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.