Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы өңірде балалар зардап шеккен 100-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алған. Ондан 144 бала түрлі дене жарақаттарын алыпты.
«Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөлік құралдарының салонында балаларды тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылау бойынша іс-шара өткізіп тұрады. Өткен жылы 1000-нан астам жүргізуші арнайы арнайы құрылғыларсыз балаларды тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды», - деді ведомстводан.
ҚР «Жол қозғалысы туралы» заңының талаптарына сәйкес, автокөлік жүргізушілеріне 12 жасқа дейінгі балаларды көлік салонында арнайы ұстап тұратын құрылғы немесе көлік құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік белдігінің көмегімен ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.