Ақмола облысында көлік қозғалысы қайта жанданды - ККМ

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 15.00-ден бастап Ақмола облысында РФ шекарасы (Екатеринбор) - Алматы автожолының бұдан бұрын жабық деп жарияланған Жақсы ауылы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы

(Чистополье ауылына қарай, 856-916 км) учаскесінде көлік қатынасы қайта жанданды. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, бүгін сағат 15.30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығы (қар, боран, қатты жел) және жолдың нашар көрінуі салдарынан Өскемен - Зырян - Рахманов бұлақтары автожолының Ұшанов ауылы - Зырянк ауылы (6-164 км) учаскесінде автокөліктің барлық түріне жол жүруге тыйым салынды.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.