Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
20:08, 07 Желтоқсан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК хабарлады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) «Алматы - Екатеринбор» автожолының (856-917 км) СҚО шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі бөлігінде көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды.