КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында қонақүйден өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аймақтық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметі бойынша, өрт 18 маусым күні түнгі 04:58 шамасында Щучинск қаласынан 9 шақырым қашықтықта орналасқан курортты аумақтағы «Алатау» қонақүйінде болды.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтық ТЖД-ның жеке құрамынан 40 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Жалын аумағы 400 шаршы метрді құрады. Өрттен ғимараттың қабырғасы бүлінді. Зардап шеккендер жоқ», - деп көрсетілген хабарламада.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.