КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында көппәтерлі тұрғын үй өртеніп, төрт отбасы далада қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өрт Щучье қаласының Нагорная көшесінің бойында орналасқан №20 төрт пәтерлі тұрғын үйде болған. Өрт аумағы 140 шаршы метрді құрады.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 20 қызметкер және 4 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр» дейді ведомстводан.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.