Ақмола облысында «Қорғалжын-Баршын» автожолында қар құрсауынан 6 көлік құтқарылды

СТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - 3 қаңтар күні сағат 14.50-де Ақмола облысында Үшсарт ауылының маңынан өтетін «Қорғалжын-Баршын» тас жолының 30-шақырымында

қар құрсауында 6 көлік пен 15 адам қалып қойды.

Қорғалжын ауданы әкімдігінің күшімен (4 адам мен 2 техника) сағат 20.00-де жол тазартылды, барлық көліктер алған бағыттары бойынша жөнелтілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.