Оның атап өтуінше, маусым айында жүктеменің көп болуы салдарынан сараптама жасауға арналған бір аппарат істен шыққан.
«Бүгінде 430 тест бар. Тағы келуі керек, күтіп отырмыз. Індет өсімінің басты себебінің бірі - адамдардың қарым-қатынасы. Әлі күнге дейін адамдар моншаға, үйлену тойына, еске алу жиынына барып жүр», - деді облыс басшысы.
Дегенмен, өңір басшысының айтуынша, облыстағы бірде-бір өнеркәсіп жабылған жоқ.
Сонымен қатар Ермек Маржықбаев санитарлық нормаларды қатаң сақтайтын тұрғындарға ризашылығын білдірді.
Бұған дейін хабарлағанымдай, 1 тамызға дейін облыста қосымша 5 мың төсек-орын дайындалатын болады.
Ақмолалықтар вирусқа қарсы және ыстық түсіретін препараттардың тапшылығына шағымдануда.