Ақмола облысында «Құлагер» облыстық спартакиадасы басталды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Астана күніне орай Астрахань ауданында ұлттық спорт түрлері бойынша 14-ші «Құлагер» облыстық спартакиадасының жалауы көтерілді.

Спартакиаданың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков жиналғандарды елордамыз Астана қаласының келе жатқан мерекесімен әрі спартакиаданың ашылу сәтімен құттықтап, спортшыларға додада сәттілік тіледі.

Ұлттық спорт ойындарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спартакиада көкпар, аударыспақ, бәйге, қыз қуу, теңге алу, қазақ күресі, тоғызқұмалақ сияқты спорттың бірнеше түрі бойынша өтуде. Жалпы, спартакиадаға облыстағы 17 аудан мен 2 қаладан келген 700-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар