Мерекелік іс-шара барысында, сондай-ақ Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құтқарушыларға сегіз жеңіл автокөлік пен екі катердің кілтін табыстады.
«Мемлекет басшысы «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» ресми нышанын бекітіп, азаматтық қорғау қызметтерінің маңыздылығын атап өтті. Туды тапсыру рәсімі – бүкіл гарнизон үшін тарихи оқиға, ұрпақтардың байланысын, тарихи жады мен сабақтастықты символикалық түрде бейнелейді», - деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Сонымен қатар ол жергілікті атқарушы органдардың материалдық-техникалық базаны жетілдіру мен жаңартуға, ТЖД ғимаратын жөндеуге көрсеткен қолдауы үшін Ақмола облысының әкіміне алғысын білдірді.
2020-2021 жылдары жергілікті бюджеттен 20 арнайы және қосалқы техниканы, құтқару жабдықтарын, ұйымдастыру техникасын, ТЖД ғимаратын күрделі жөндеуге және басқа да қызметтерді сатып алуға 870 млн теңге бөлінді. Ал биыл арнайы және жедел автомобильдерді, тыныс алу аппараттарын және инженерлік жабдықтарды сатып алуға 301 млн теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, іс-шара барысында өрт сөндіруші-құтқарушылар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен және Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Медальдарға Целиноград ауданы Арайлы ауылының №22 өрт сөндіру бөлімінің №32 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау прапорщигі Талғат Рахов, сондай-ақ Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының №22 өрт сөндіру бөлімінің №34 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Қуандық Жұмабеков ие болды.