Ақмола облысында мәдени-сауықтыру кешені ашылды
Әкімдіктің баспасөз қызметінің дерегі бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Зеленый Гай ауылында ауыл клубы мәдени-сауықтыру кешені ретінде қалпына келтірілді.
Нысанның ашылуы рәсіміне аймақ басшысы Мәлік Мырзалин, Целиноград ауданының әкімі Мәлгаждар Тәткеев, «Родина» агрофирмасы» ЖШС директоры Иван Сауэр және ауыл тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын ауданның мәдени өміріндегі осынау қуаныштарымен құттықтады.
Жергілікті бюджет есебінен жалпы құны 3 миллион теңгеге спорттық жабдықтар мен музыкалық аппаратура, ноутбук және өзге де техникалар сатып алынды», - деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз хатшысы Динара Тұрсынова.