Ақмола облысында марихуана сақтаған тұрғын сот алдында жауап берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Астрахан аудандық соты аудан тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сотта, азамат С. Астрахан ауданының Жалтыр ауылында полиция қызметкерлерімен тексеру кезінде, оның қалтасынан полиэтилендік түйіншектің ішінен жасыл-сұр түсті, иісті өсімдік зат табылғаны анықталды. Сарапшының қорытындысы бойынша түйіншекте 2,8 грамм кептірілген есірткілік зат, яғни марихуананы мақсатынсыз сақтағаны анықталды.

Сот үкімімен азамат С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танып («Есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу»), осы бап бойынша оған 90 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.