Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, мемлекеттік жекеменшік серіктестіктің басты мақсаты қызмет көрсету сапасын арттыру жəне инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Аталған жоба бойынша Ақмола облысында жалпы құны 21,6 миллиард теңгеге 52 жобаны жүзеге асыру көзделген. Жобалар 3 кезең бойынша жүзеге асырылмақ.
"Алғашқы кезеңде 11 жобаны, екінші кезеңде 30 жəне үшінші кезеңде 11 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 28 балабақшаны жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарастырылып отыр. Мәселен, Целиноград ауданының Ақмол ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы үшін əлеуетті мердігер "EndlessGreenValley" ЖШС анықталып, ашық байқау өткізілді. Аталған жоба бойынша мемлекеттің міндеттері облыстық мəслихаттың соңғы сессиясында айқындалды", деп атап өтті Қанат Дүзелбаев.