Ақмола облыстық Иәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13-23 наурыз аралығында Ақмола облысында көне салт-дәстүрлердің тарихи реконструкциясын, «Наурыз көже», отбасылық ансамбльдер, ұлттық аспаптар тәрізді фестивалдерді, «Келіндер», «Әжелер» байқауларын, көшпелі қайырымдылық концерттерін, акцияларды, балалар шығармашылығы іс-шараларын, «Бата» байқауларын, ұлттық тағамдар, ою-өрнектер, ұлттық киімдер челлендждерін өткізу жоспарланған.
«Наурыз мейрамын тойлаудың он күндігі 13 наурыз күні «РИО» сауда, ойын-сауық орталығында интерактивті мерекелік бағдарламамен ашылды. Бағдарламаға «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары қатысты. Ақмолалықтар «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі (жетекшісі Дәурен Біржанов), «Көркемтау» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Қайрат Нұрмұқанов), халықтық ардагерлер хорының вокалдық тобы (жетекшісі Светлана Пушкина), «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясының солистері Дильназ Маликова және Арай Негимеджанова (жетекшісі Марина Даутова), «Шалқыма» халықтық би ансамблі (жетекшісі Айдана Батталова), вокалдық квартет (жетекшісі ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова), саксофоншы Вадим Белый, дәстүрлі әнші Төлеген Амановтың өнерін тамашалады», - деді ведомстводан.
Шара шеңберінде сауда орталықтарына келушілерге мерекелік көңіл-күймен қатар қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақ үлестірілді.