Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжам жасауда. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«11 маусымда Көкшетауда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл соғады және бұршақ түседі. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді», - делінген хабарламада.