Ақмола облысында облыстық әкелер форумы өтті
Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы мен Ақмола облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен Щучинск қаласында өткізілген шараның мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған.
"Әкелер одағының маңызды міндеттерінің бірі - әкелердің назарын өз балаларын тәрбиелеуге аудару, сондай-ақ қазақстандық қоғамның назарын отбасының басты, өзекті тірегі ретінде әкелік институтқа құрметпен қарауға аудару. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Ұлы даланың көрнекті тұлғаларының ерліктері негізінде жастарға патриоттық рухты тәрбиелеуге баса назар аудару қажет, - деп атап өтті форумда сөйлеген сөзінде Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, Ақмола облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Гүлжанар Шөкеева.
Пленарлық отырыс екі сессияда өткізілді, олардың әрқайсысы форумға қатысушылар үшін жас ұрпақты тәрбиелеудегі әке институтының рөлі туралы қызықты және пайдалы ақпаратқа толы болды.
Облыс аудандары мен қалаларының әкелер кеңесінің өкілдері үшін «Отбасы тәрбиесіндегі әкелер рөлін жоғарылату» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Шарада «Әкем - мақтанышым, жүрегім, жандосым, Анам - сүйенішім, қосшынарым» атты үздік шығарма облыстық байқауының жеңімпаздары анықталып, оларға сый-сыяпат көрсетілді. Сондай-ақ, Ақмола облысының үлгілі әкелері «Қамқор Әке» медальдарымен және «Қадірлі Әке» грамоталарымен марапатталды.