Оның айтуынша, қаңтар айында оқушылар арасында COVID-19 жұқтыру жағдайлары күрт өсті.
«2021-2022 оқу жылының үшінші тоқсанының басынан бастап оқушылар арасында COVID-19 ауруының 1963 жағдайы тіркелді, 918 (47 пайыз) – оффлайн, 1045 (52 пайыз) - онлайн. Қаңтар айында оқушылар арасында күніне 130-дан астам жаңа жағдай тіркелді. Қазір оқушылар арасында індетке шалдығудың төмендегені байқалады. Бір тәулікте 37 жағдай тіркелді. Оның ішінде Ақкөл (1), Астрахан (4), Бурабай (7), Целиноград (1), Бұланды (2), Ерейментау (4), Жақсы (1), Жарқайың (5), Зеренді (1), Сандықтау (4), аудандар, Степногор (2), Көкшетау (6)»,- деді Айнагүл Мусина.
Сонымен қатар, өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ұжымдарда КВИ ауруы тіркелген кезде департамент қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы жүргізу үшін жоспардан тыс тексерулер жүргізетінін атап өтті.
«Осылайша, 2021 жылы КВИ жағдайларын шұғыл хабарлау бойынша 395 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Карантиндік шектеу шараларын бұзуға қатысты 8,8 миллион теңге көлемінде 124 айыппұл салынды. 2022 жылдың қаңтар айында осындай 108 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Анықталған карантиндік шектеу шараларының бұзуға қатысты 544,8 мың теңге көлемінде 12 айыппұл салынды», - деп толықтырды Айнагүл Мусина.
Айта кетсек, сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде – сынып (топ) 10 күн ішінде үй карантиніне оқшаулауға жатады. Бір ауысымның 30 пайыздан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары тіркелген кезде, ауысым 10 күн ішінде үй карантиніне оқшаулануға жатады. Осындай ережелер мен нормалардың нәтижесінде бүгінде 31 мектептегі 47 сынып қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.