Полицейлердің мəліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қазан күні Целиноград ауданы аумағында орын алды. Автобус Қосшы ауылындағы №1 орта мектепке тиесілі. Қоғамдық көлік жүргізушісі сабақтан соң оқушыларды үйлеріне апара жатқан кезінде жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ВАЗ-21099» көлігіне соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Ал автобуста болған 5 оқушы мен мұғалім аман, зардап шеккен жоқ.
«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды» деп түсіндірді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.