Ақмола облысында оқушыны ұрған экс-əкімнің ісі сотқа жолданды
Сотта анықталғандай экс əкімге қатысты ҚР ӘҚбК 7/1 бабының 1 бөлімі бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл залал келтіру) əкімшілік іс қозғалған.
Аталған санкция бойынша күдіктіге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың ақпан айының соңында Ақмола облысындағы Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров мектеп оқушысы, кәмелеттік жасқа толмаған баланы соққыға жығып, ес-түссіз ауруханадан бірақ шығарған болатын. Бұл туралы баланың анасы Айгүл Бекжанова Фейсбук әлеуметтік А.Төлеубаев атындағы орта мектепте оқитын ұлы, 8-сынып оқушысы Диас Мұқанды Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың соққыға жыққандығын жазды. Онда зардап шеккен баланың анасы ұлының «мидың шайқалуы» диагнозымен Қорғалжын аудандық аурханасына, кейін Астана қаласындағы №2 ауруханасына жеткізіп, нейрохирургия бөлiмшесінде жатқанын айтқан еді. Бұл жазба көпшілік арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары оқушыға қол көтерген әкімнің ісін сынға алды. Кейін бұл дауға құқық қорғау органдары мен прокуратура араласқан болатын.
Ал, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Тәртіп жөніндегі кеңесі Жанат Омаровты қызметінен босату жөнінде ұйғарым шығарды.