«Облыс, Көкшетау қаласының тұрғындары мен жанкүйерлерін құттықтаймын. Біз Қазақстан біріншілігінің бірінші лигасында жеңіске жетіп, Премьер-лигаға шығуды мақсат тұтып отырмыз. Сонымен қатар, команда құрамын сақтап, жергілікті ойыншыларды тартатын боламыз. Биылғы маусымда команда сапында 8 жергілікті ойыншы өнер көрсетуде. Олардың саны жыл өткен сайын артып келеді», - дейді «Оқжетпес» футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев.
Биылғы 2018- маусымда көкшеліктер сапында қазақстандық жанкүйерлерге танымал Әлібек Бөлешов, Артем Касьянов, Руслан Сақалбаев, Ренат Абдулин, Казбек Гетериев сияқты аяқдоп шеберлері бар.
Бірінші лигадағы алғашқы кездесуінде оқжетпестіктер Талдықорғанның «Жетісу Б» және оңтүстікқазақстандық «Мақтаарал» командаларын 1:0 есеп айырмасымен тізе бүктірді. Сәуірдің 14-і күні «Оқжетпес» ойыншылары өз алаңында «Байқоңыр», 18-ші сәуірде «Қайрат» командаларымен кездеседі.