«Ақмола облысының аумағында «омикрон штамын анықтайтын зертхана жоқ. Сондықтан бұл биоматериалдар орталықтан тиісті мекемеге жіберіледі, онда егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіледі», - деп түсіндірді Н.Сыздықов.
Басқарма басшысы атап өткендей, бүгінгі күні облыста «омикрон» штаммы белгілері байқалған 30-ға жуық сынама алынды. Олар зертханаға жіберіліп, нәтижелері күтілуде.
«Біз өңірдегі кейбір коронавирустың клиникалық жағдайлары «омикрон» штаммына ұқсастығын байқап отырмыз. ПТР-диагностикада «омикрон» штамын анықтау қарастырылмаған, сондықтан қосымша зерттеулер қажет», - деп толықтырды Н.Сыздықов.
Оның сөзінше, Ақмола облысынан алынған «омикрон» штамы бар сынамаларды зерттеу қорытындысы осы аптаның соңында жарияланатын болады.