Ақмола облысында ордендер мен медальдар толы сейфті ұрлаған күдікті ұсталды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Қызыл жұлдыз ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, Көкшетауқалалық ПБ кезекшілік бөліміне Алматы көшесінде тұратын 55 жастағы жергіліктітұрғын арызданған.

Арызданушының сөзінше, үйіненотбасылық әшекей бұйымдары мен құжаттары және қайтар алдында әкесі аманат етіпқалдырған Қызыл жұлдыз медалі мен өзгеде наградалар салынған сейф ұрланған.

«Полиция қызметкерлері ұрының терезеарқылы кіргенін анықтады. Оқиға орнынан саусақ ізін түсіріп, сол аумақтағытұрғындардан сұрастырды. Осының нәтижесінде Бурабай ауданының 31 жастағытұрғынына күдік келтіріліп, ол ұсталды», деп хабарлаы ведомство өкілдері.

Полицейлердің сөзінше, күдіктіұрлаған сейфті өзенге лақтырып жіберген. Алайда, оның ішінде ордендер мен медальдар болмайшықты. Отбасылық кейбір әшекей бұйымдар мен «Алтын алқа» медалі заңды иесінеқайтарылды.

«Аса бағалы заттарды ұрлағанкүдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 20 жылға дейін басбостандығынан айырылуы мүмкін», деп толықтырды ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар