Сәрсенбі, 3 қазан күні Ақмола облысында орналасқан Отраднеск орман шаруашылығында бір күн бұрын басталған өрт сөндірілді. Жалын 181 гектарды - 30 гектар орманды даланы, 151 гектар шабындық шөпті жойды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 223 адам мен 35 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 105 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды.