Ақмола облысында орташа айлық табыс 16,3 пайызға өсті

None
КӨКШЕТАУ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Өткен жылы Ақмола облысындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақылары 54 930 теңгеге жетіп, бұрнағы жылмен салыстырғанда 16,3 пайызға өскен.

Ақмола облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне қарағанда, орташа айлық жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4,6 есеге, ең төменгі айлық табыстан 3,7 есеге өсіп отыр. Қаржы және сақтандыру қызметі саласы өкілдерінің айлықтары ең жоғары - 82 640 теңге, бұл облыстық орта көрсеткіштен 1,5 есеге көп, ең төменгі айлық табыс ауыл, орман және балық шаруашылығында - 32 534 теңге, немесе облыстық орта нәтиженің 59,2 пайызына тең. Жыл ішінде білім саласы қызметкерлерінің айлық жалақылары 46 463 теңгеге жеткен, бұл облыстық орта деңгейден 15,4 пайызға төмен. Ал денсаулық саласында тиісінше - 48 940 теңге, 10,9 пайызға төмен.