Ведомствоның мәліметінше, өрт қыркүйектің 9-да Есіл қаласындағы Мырзашев көшесінің бойындағы тұрғын үйде болған. Бұл туралы қалалық өрт сөндіру бөліміне жедел хабар түскен.
«Өрт шыққан үйдің пәтерінен ессіз жатқан пәтер иесі, 80 жастағы қария табылды. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Қазіргі кезде зардап шеккен азамат Есіл аудандық ауруханасына жатқызылды, оның жағдайы қанағаттанарлық», - дейді ведомстводан.
ТЖД атап өткендей, қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен салдары анықталып жатыр.