КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының Бұланды ауданында үй өртеніп, 85 жастағы қария ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша 13 ақпанда сағат 10:52-лерде Макинск қаласындағы жекеменшік тұрғын үй өртенді.
«Тілсіз жаудың ауыздықтауға аймақтық ТЖД жеке құрамынан 11 адам жəне 2 арнайы техника тартылды.
Оқиға орнынан 1933 жылғы Б.Ф. Обидин есімді қарияның денесі табылды», - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде қайғылы оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.