Ақмола облысында өрттен бір адам көз жұмды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында болған өрттен бір адам көз жұмды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Өрт 3 сәуірде түнгі сағат 00:05 шамасында Шенет кентіндегі шаруашылық нысанында болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға аудандық өрт сөндіру қызметінің Қабанбай ауылындағы өрт сөндіру бекетінен 2 адам мен 1 өрт сөндіру техникасы тартылды. Оқиға орнынан ер адамның денесі табылды.