Ақмола облысында өткен он айда жол-көлік оқиғасында 137 адам мерт болды
18:01, 02 Қараша 2009
КӨКШЕТАУ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық жол полициясы басқармасының деректері бойынша, ағымдағы жылдың он айында өңірде 388 жол-көлік оқиғасы тіркелген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі басқарма баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында жолдағы өкінішті оқиғалар салдарынан 137 адам мерт болып, 557-сі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Жыл ішінде балалардың қатысуымен 46 өкінішті оқиға тіркеліп, соның себебінен 3-уі өмірден озып, 50-і жарақат алған. Жыл басынан бері жүргізушілердің ішкілік ішіп жолға шығуынан 14 оқиға тіркеліп, онда 9 адам көз жұмып, 18-і дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілген.