Ақмола облысында өткен жылы ақылы қызмет мөлшері 19,1 пайызға өскен
09:03, 21 Қаңтар 2011
КӨКШЕТАУ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола өңірінде өткен жылы ақылы қызмет индексі бұрнағы жылмен салыстырғанда 119,1 пайыз деңгейінде қалыптасқан.
Облыстық статистика департаментінің деректеріне қарағанда, осы уақытта білім беру бағасы -12,9 пайызға, амбулаториялық ем қабылдау - 11,2 пайызға, шаштараз бен жеке гигиена қызметі - 10,4 пайызға, киімді тапсырыспен тіктіру, химиялық жолмен тазарту, жөндеу - 6,6 пайызға, байланыс қызметі -4,7 пайызға, көлік қызметін пайдалану - 4,3 пайызға көтерілген. Жыл ішіндегі тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласы бойынша төлемдер-7,4 пайызға өскен.