Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 мамырда тұрғындардың бірі 2 әйелдің теміржол саяжайы аумағындағы Шағалалы өзеніне қарай кетіп, қайтып келмегені туралы кезекші бөлімге хабарлаған.
«Тәртіп сақшылары саяжайлардан шығыс бағытта 10-15 метр қашықтықтан 39 және 42 жастағы әйелдің денелерін тапты. Жедел тергеу шаралары барысында сот – медициналық топ олардың денесінде күш қолданудың белгілерін байқамады. Қазіргі кезде, мәйіттер Ақмола облысы бойынша соттық медицина инстутына жіберілді», – деді ведомстводан.