Ведомтсво ақпаратына қарағанда, Б.Жәкенов өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жер телімін заңсыз бергені туралы фактісін жасыру үшін К. есімді азаматтан 20мың доллар талап еткен. Бөлім басшысын 1 млн теңге көлеміндегі бастапқы соманы алу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қызметкерлері қолға түсірген.
«Сот үкімімен Б.Жәкенов ҚРҚылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігіне (пара алу) сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тиесілі мүлкі тәркіленді. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Жазаны жалпы режімдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді»,- делінген хабарлада.
14:27, 22 Қаңтар 2016
Ақмола облысында пара алған жер қатынастары бөлімінің басшысы 3 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Жәкеновке қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлады.