Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, Ақмола облысында бес вакцинаның бірінші компоненті 333123 адамға егілді, бұл тиісінше халықтың 69,5 пайызы және жалпы халықтың 45,3 пайызы. Барлық бес вакцинаның екінші компонентін 304556 адам алды, ол егуге жататын халықтың жалпы санынан 63,6 пайызын, ал жалпы халық санының 40,9 пайызын құрайды. Өңірде жыл басынан бері вакцинация қарқыны біршама артқан.
«Pfizer шығарған «Комирнати» вакцинасының алғашқы дозасымен 4373 адам вакциналанды, оның ішінде 137 жүкті әйел, 1115 бала емізетін әйел және 12 жастан 17 жасқа дейінгі 3121 жасөспірім бар. Екінші доза 2041 адамға егілді. Вакцинаға жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ», - деп атап өтті өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
Сонымен қатар, Ақмола облысында қазірдің өзінде ерікті негізде 23748 адам қайта вакцинацияланды.