Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Астра-Ломбард» ЖШС ғимаратында ұрлық жасады деген күдікпен 1995 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады.
«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188 бабының 3 бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдікті осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет сотталған және қазіргі уақытта қамауға алынды», - дейді ведомстводан.
Ер адам түрмеде жазасын өтеп жатқан кезінде радикалды діни ағымның жақтаушысы болған және бостандыққа шыққан кезінде байланысын жалғастырған.