Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі жабылды
15:51, 26 Наурыз 2022
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Республикалық маңызы бар «Қостанай-Державинск» жолында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысы уақытша жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«26 наурызда сағат 13.30-дан бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (Қостанай облысы жағынан жолды жабуға байланысты) республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл тас жолының учаскелерінде (377-440 км, Қостанай облысының шекарасы - Державинск қаласы) көлік қозғалысы тоқтатылды», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің Instagram-дағы хабарламасында.