Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» саябағы ашылды
Ақмола селосында ашылған «Рухани жаңғыру» мәдени-демалыс орталығы заманауи арт-элементтермен жабдықталған. Аумағы 3,5 гектарды құрайды. Айналасына ақ қайың, жасыл шырша, алма ағашы, қарағаштың көшеттері отырғызылып, көгалдандырылған. Биіктігі 18 метрді құрайтын флагшток, швед сахнасы, субұрқақ, тайқазан, қобыз, киіз үйдің үлгілері қойылған. Аудан тұрғындары мен қонақтарына және балаларға серуендеп, демалуына барлық жағдай жасалған.
Мерекелік шара 44813 әскери бөлімінің жеке құрамы мемлекетік рәміздер - Ту, Елтаңба мен Әнұранды алып шығып, ҚР Мемлекеттік Туын көтерумен жалғасын тапты. Ту көтеру құқығы аталмыш бөлімнің әскери мемлекеттік құқықтық дайындығының озаты, капитан Серік Шегебаевқа берілді.
Саябақтың ашылу салтанатына аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйледі.