Ақмола облысында «салафит» жігіт өз үйін тонаған

Фото: None
СТЕПНОГОР. ҚазАқпарат - Ақмола облысында өз үйінен алтын бұйымдар ұрлаған «салафит» жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Степногор қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, үйінен екі алтын жүзіктің жоғалғанын айтқан. Арызданушы әйелдің сөзіне қарағанда үйге бөгде адам кірмеген. Сол себепті тергеушілер әйелдің 25 жастағы ұлын күдікке алды. Тергеу амалдары кезінде полиция қызметкерлерінің күдігі расталды.

«Белгілі болғандай, ұсталған жігіт еш жерде жұмыс істемейді. Ұрланған алтын бұйымдарды сату немесе ломбардқа өткізуді жоспарлаған. Өзін деструктивті «салафизм» ағымын ұстанушы ретінде танытқан. Өзінің жасаған қылмысын мойындап, өкінішін білдірді», - дейді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар