Ақмола облысында Сандықтау аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында өрт болды

None
АСТАНА.  Желтоқсанның  21-і. ҚазАқпарат -   Ақмола  облысының Балқашин  селосында    Сандықтау  аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік  ғимаратында  өрт болды, 

 деп   хабарлады  дүйсенбі күні  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Дерек көздің ақпараты  бойынша,  өрт   кеше,  желтоқсанның  20-сы күні  сағат  12.45-те  криминалистика кабинетінен   шыққан.   Құрбан болғандар  мен   зардап шеккендер  жоқ.  Оқиға кезінде 30 адам   жедел көшірілді.  10 шаршы метр ауданға жайылып  үлгерген өрт ошағы   сағат 13.15-те     өрт сөндіру  қызметінің  күшімен  сөндірілді.