Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәлметінше, сайлауға қатысатын облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының тізімі облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Ондағы дауыс берушілер саны әр деңгейдегі барлығы 235 депутатты құрайды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарда Көкшетау қаласындағы «Bolashaq saraiy» сарайы ғимаратында өтеді.
«Ақмола облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үш кандидат тіркелді. Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова, Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов, Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы «Bolashaq saraiy» мекемесінің директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айнагүл Балташева», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, Сенат депутаты сайлауына 55 кандидат түседі.