Ақмола облысында «Серпін» бағдарламасымен түркістандық 68 жас білім алуда

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Түркістан-Петропавл-Қостанай-Көкшетау» ақпараттық турының соңғы бекеті - Ақмола облысы болғандықтан, түркістандық делегация Бурабай, Зеренді жерін аралап, облыс орталығы - Көкшетау қаласына сапар жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Мұнда қазіргі таңда Түркістанөңірінен 2018-19 жылдары 68 жас «Серпін» бағдарламасымен оқуғатүскен.

Жалпы, 2018-2019 оқу жылында Ақмолаоблысында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 1746 студент білім алуда. Оныңішінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде -1356,колледждерде - 390 азамат оқу оқып жүр.

Соның бірі - 2017-2018 ж. «Жас Отан» Жастар қанаты бөлімінің«Үздік басшысы» номинациясын жеңіп алған Құрманбек Әділет. Кентауқаласының тумасы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде ерікті болып қызмет еткен.Қазіргі таңда Ақмола облысының жас белсенділерінің бірі. Әділет секілдіТүркістан өңірінен келіп, түрлі республикалық, облыстық шараларға қатысыпжүрген жастар өте көп.

Сондай-ақ білімді жастарөмірімен танысқан БАҚ өкілдерімен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныңбасшысы Ғалым Шойкин арнайы кездесіп, қонақтарға «Жер жәннаты -Ақмола» танымдық кітабын сыйлап, сәт сапар тіледі.

Соңғы жаңалықтар