Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, өңірдің әр ауданында ет және сүт фермаларын ашу бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Облыста 6,4 мың басқа арналған 125 ет фермасы және 2,3 мың басқа арналған 19 сүт-тауар фермасы ашылды. Бұл республика бойынша үздік көрсеткіш болып табылатын өндірістің 11,6 пайызға өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Биыл агроөнеркәсіптік кешендегі өсім мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін жедел дамыту есебінен қамтамасыз етіледі. Шамамен 7 мың ірі қара мал басын сатып ала отырып, 104 ет және 11 сүт-тауар фермасы құрылатын болады.
Жақында Ерейментау ауданында шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар шығаратын цех ашылды.
«Бұл жобаны іске асыру халықтың экономикалық белсенділігіне серпін береді. Өйткені өнімдер Ерейментау қаласынан Елордаға және жақын маңдағы елді мекендерге экспортталатын болады», - деп атап цехтың ашылуы қатысқан аудан әкімі Абай Әлжанов.
Кәсіпкер Әнуарбек Бәйменовтің сөзінше, шұжық цехының қуаты 60 тонна өнім және 6 тонна жартылай фабрикат шығаруға мүмкіндік береді.
«Атап айтқанда, ет, ұн, жұмыртқа, көкөністер және басқа ингредиенттер жергілікті өндірушілерден сатып алынады. Бұл ұсыныс динамикасына оң әсер етеді және ауданның ауыл шаруашылығы саласы үшін мультипликативті әсер береді», - деп бөлісті Әнуарбек Байменов.
Кәсіпорын басшылығы елорданың азық-түлік белдеуінің аймағына кіру және өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.